Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының м.а. 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 64 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 635 бұйрығын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі - Операциялық жоспар) бекітілсін.
2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:
1) Операциялық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы туралы есептік ақпаратты Ішкі әкімшілендіру департаментіне ұсынсын.
3. Ішкі әкімшілендіру департаменті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы бойынша есептік ақпаратты аппарат басшысына ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысының м.а. | А. Умбеталиев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
аппарат басшысының м.а.
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 64 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған
Операциялық жоспары
1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
| № р/н | Атауы | Бюджеттік бағдарлама коды | Жауапты орындаушы | Орындау мерзімі | Аяқталу нысаны |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| I. Стратегиялық жоспардың мақсаттарына және нысаналы индикаторларына қол жеткізу іс-шаралары | |||||
| 1 стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету | |||||
| 1.1. Мақсат. Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз ету | |||||