Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
11-қосымша
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінгенде:
лицензия беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша лицензияны беруден бас тарту себебі туралы уәжделген жауабы - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық емес топтамасын анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.