«Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 83 шешімі

«Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 83 шешімі

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 19 маусымдағы № 431 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің атауында және 1-тармағында «облысішілік» деген сөз алынып тасталсын;

көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 54-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы

Г. Суентаева

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.