«Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығы (2025.16.08. берілген өзгерістермен)

Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығы

(2025.16.08. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.14.05. № 158 және ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025.14.05. № 227 бірлескен бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025.30.07. № 233 және ҚР Қаржы министрінің 2025.30.07. № 413 бірлескен бұйрығымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.