Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 64-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық бекітілгеннен кейін оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Балаева |
Мәдениет және ақпарат министрінің
2025 жылғы 13 ақпандағы
№ 64-НҚ бұйрығына қосымша