«Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 192 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9046 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 77 (27698) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:
1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейлері;