Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 124 шешімі
ШЕШТІ:
1. Облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 458 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-8-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:».
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихатының хатшысы | А. Нугманов |
2022 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 шешіміне қосымша
Облыстық мәслихаттың
2019 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 458 шешімімен бекітілген
Ақтөбе облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер