«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 179 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 179 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Құрылыс жобалары бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу және беру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бірыңғай порталымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.

Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде құпиялылық белгісі бар немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» («ҚБПҮ») белгісі бар құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бірыңғай порталымен интеграцияланған мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйесі арқылы барлық рәсімдер мен операцияларды жүзеге асырады.

Осы норма қала құрылысы жобалары бойынша сараптама қорытындысын ресімдеудің тәртібіне қолданылмайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымдары, сондай-ақ ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы өз құзыреті шегінде жобаланатын объектінің функционалдық мақсатын ескере отырып:

1) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардың;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.