«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII Заңы

Предыдущая страница

3) 9-баптың 31) тармақшасындағы «ақпараттық сервистердің» деген сөздер «цифрлық сервистердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

«10-1-бап. Электрондық өнеркəсіп саласындағы уəкілетті органның құзыреті

Электрондық өнеркəсіп саласындағы уəкілетті орган:

1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес электрондық өнеркəсіп саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

2) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;

3) ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркəсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

4) электрондық өнеркəсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

5) электрондық өнеркəсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асырады;

6) өз құзыреті шегінде электрондық өнеркəсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;

7) электрондық өнеркəсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады жəне халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;

8) электрондық өнеркəсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымы мен өнімінің тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркəсіптің бағдарламалық қамтылымы мен өнімін электрондық өнеркəсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымы мен өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды əзірлейді жəне бекітеді;

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

5) 16-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «ақпараттық сервистердің» деген сөздер «цифрлық сервистердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 50-баптың 1-тармағындағы «, ақпараттандыру туралы заңнамасына» деген сөздер «туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 51-2-баптың 2, 3, 4 жəне 5-тармақтарындағы «ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер тиісінше «цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.

116. «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйені», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйемен», «ақпараттық жүйеге» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйені», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйемен», «цифрлық жүйеге» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 17-бапта:

2-тармақтағы «электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым», «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстар», «цифрлық инфрақұрылым», «цифрлық объектілер» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «ақпараттандыру субъектілері» деген сөздер «цифрлық орта субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «ақпараттандыру субъектілері» деген сөздер «цифрлық орта субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын.

117. «Геодезия, картография жəне кеңістіктік деректер туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) бүкіл мəтін бойынша «электрондық ақпараттық ресурс», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелерімен», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйесі», «электрондық ақпараттық ресурстардың», «ақпараттық жүйелерінің», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурс», «цифрлық жүйе», «цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелерімен», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйесі», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық жүйелерінің», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-бапта:

16) тармақшадағы «шектеулі» деген сөз «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасынан аспайтын шектеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;

40) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылатын, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 9-баптың 3-тармағында:

бірінші бөліктегі «хабарламаға аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланатын аумақтың географиялық координаттарын, масштабын жəне аэротүсірілім жұмыстарының тапсырыс берушісін көрсете отырып, аумақтың картограммасын» деген сөздер «аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланатын аумақтың картограммасын қағаз жəне электрондық түрде геоақпараттық жүйелер форматында, есептеудің белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық жүйелеріндегі координаттарын, аэротүсірілім жұмыстарының ауқымын жəне тапсырыс берушісін көрсете отырып, хабарламаға» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік алып тасталсын;

4) 13-бапта:

20) тармақшадағы «электрондық тізілімін» деген сөздер «цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

«32-1) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйелеріне сəйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;»;

5) 20-баптың 7-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

6) 26-баптың 3-тармағындағы «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер «цифрлық объектілер» деген сөздермен ауыстырылсын.

118. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 25-бапта:

6-тармақта:

бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақтың 4) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақтың 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелердің» деген сөздер «цифрлық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «цифрлық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 28-баптың 2-тармағындағы «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын.

119. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) бүкіл мəтін бойынша «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 11-бапта:

2-тармақтағы «ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан» деген сөздер «цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.

120. «Өсімдіктер дүниесі туралы» 2023 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

34-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 4) тармақшасындағы «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.

121. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

2) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың» деген сөздер «цифрлық технологиялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым» деген сөздер «цифрлық инфрақұрылым» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 10-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздік» деген сөздер «киберқауіпсіздік» деген сөзбен ауыстырылсын.

122. «Кəсіптік біліктілік туралы» 2023 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйелермен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйелермен» деген сөздермен ауыстырылсын.

123. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

15-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын.

124. «Органикалық өнім өндірісі жəне айналымы туралы» 2024 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 3) тармақшасындағы «ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «цифрлық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.

125. «Масс-медиа туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

25-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.

126. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық кіші жүйе», «ақпараттық кіші жүйесі», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелерінде», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйелермен», «ақпараттық қауіпсіздігін», «ақпараттық жүйелерін», «ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық жүйелер» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық кіші жүйе», «цифрлық кіші жүйесі», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелерінде», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйелермен», «киберқауіпсіздігін», «цифрлық жүйелерін», «киберқауіпсіздікті», «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-баптың 13-тармағындағы «электрондық дерекқорды» деген сөздер «цифрлық дерекқорды» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 11-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 17-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі «цифрлық үкімет» операторымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.»;

5) 22-баптың 5) жəне 7) тармақшаларындағы «электрондық ақпараттық ресурстарын», «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстарын», «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 23-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын.

127. «Ғылым жəне технологиялық саясат туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттандыру объектісі» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық объект» деген сөздермен ауыстырылсын.

128. «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

12-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «цифрлық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын.

129. «Түркістан қаласының ерекше мəртебесі туралы» 2025 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мəтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.

130. «Аквашаруашылық туралы» 2025 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйесінен», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйесінен», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйелер мен цифрлық ресурстардан» деген сөздермен ауыстырылсын.

131. «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

23-бапта:

7-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 8) тармақшасын;

2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 6) жəне 7) тармақшаларын, 70-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын;

3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 5) тармақшасының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 9 қаңтар

№ 256-VIII ҚРЗ