Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 Қаулысы
(2024.07.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 220 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 645-бабы 9-тармағының 3) тармақшасына және 654-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 220 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттары айқындалсын.
2. «Қазақстан қор биржасы» (келісу бойынша) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы» (келісу бойынша) акционерлік қоғамдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, өздерінің интернет-ресурстарында осы қаулының 1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты орналастырып тұрсын.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
ҚР Үкіметінің 2024.20.03. № 220 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 17 қарашадағы
№ 911 қаулысына
қосымша