Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2 тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке жүктелсін.
| Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 77 қаулысына қосымша
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер
тізбесі
| № | Ашық деректер жиынтығының атауы | Өзектендіру кезеңі | Ұсыну мерзімі | Дереккөз (ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы немесе мемлекеттік органдардың API жүйесі арқылы) | Жауаптылар |
| Мемлекеттік орган туралы | |||||