«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 677 бұйрығы

 «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 677 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік және қаржылық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік және қаржылық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.

Ішкі мемлекеттік аудит Заңның 17-бабының 1-тармағымен айқындалған өзара байланысты кезеңдерден тұрады.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аудиторлық дәлелдемелер – мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің бар немесе жоқ екенін анықтауына негіз болатын, заңдылығы, анықтығы және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.