«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 245 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың, лотерея операторының Қазақстан Республикасының ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамаларының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүргізу;»;
5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Комитетті қайта құру және тарату