Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ бұйрығы
(2026.09.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026.23.07. № 354-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15101 болып тіркелген);
2) «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 480-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33707 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;