«Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 152 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 152 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасында:

38-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жол төсемдері бойынша, оның ішінде:

Цемент-бетон жамылғысы бар автомобиль жолдары бойынша:

плиталардың шеттерінің сынуы мен үгітілуін жөндеу;

жамылғы бетінің тегістігін қалпына келтіру, шөгулерді жою, плиталардың жекелеген учаскелерін ауыстыру;

цемент-бетон жамылғыларында өтемдік жіктерді орнату;

цемент-бетон жамылғыларының үстіңгі қабатын жөндеу;

асфальт-бетон қоспаларын пайдалана отырып цемент-бетон жамылғыларын жөндеу;

қалпына келтіруге жатпайтын тозған цемент-бетон плиталарын ауыстыру, цемент-бетон жамылғыларында бойлық немесе көлденең ойықтарды кесу;

темір-бетон жамылғыларының тозған плиталарын ауыстыру, жекелеген плиталарды көтеру немесе тегістеу;

қорғаныш қабатын орнату, темір-бетон плиталарының және цемент-бетон жамылғылары сегменттерінің түйіспелерін ұзақ учаскелерде жөндеу, жекелеген учаскелерде асфальт-бетон қабатын төсеу;

беткі өңдеуді, оның ішінде құйма эмульсиялық-минералдық қоспаларды және (немесе) өзге де сертификатталған жетілдірілген қоспаларды қолдана отырып орнату;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.