Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығы
(2025.13.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.