(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МАГИСТРАЛЬДЫҚ ТЕМІР ЖОЛ ЖЕЛІСІНЕ КІРЕТІН МАГИСТРАЛЬ...

Магистральдық темір жол желісіне кіретін магистральдық жолдардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 144 бұйрығы

(2024.13.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған магистральдық темір жол желісіне кіретін магистральдық жолдар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және кезеңдік баспа шығарылымдарда ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы

 

 

Ж. Қасымбек

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы 18 наурыз

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.