«Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 102 Қаулысы
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2907 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 102 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 326 қаулысына 1-қосымша
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының
тізбесі
| № | Орналасқан жері | Су айдындарының атауы |
| 1. | Байзақ ауданы | 1. Кеңес – 2 2. Қарақайнар 3. Көшеней 4. Темірбек 5. Жиеналы 6. Юбилейное 7. Воинское 8. Сарыбалдақ 9. Шәлке 10. Шапаваловское 11. Каскад Темірбек 12. Багара – 2 13. Қарабақыр 14. Көктал 15. Болатбек 16. Базарбай 17. Ақкүмбез 18. Түймекент 19. Новая 20. Шаповаловка – 2 |