«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 376-н/қ бұйрығы

«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 376-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында:

122-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«122. Субъектілер Заңның 15-10-бабының 2-тармағына сәйкес ЭЭТН ЕАО-мен жасалған қолданыстағы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына бір мезгілде тиісті өзгерістер енгізе отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және бір күнтізбелік айдан кем емес жарамдылық мерзімімен жасалатын жауапкершілікті беру шарты бойынша теңгерімдеудің бір аймағы шеңберінде теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті бір теңгерім провайдеріне береді.

Өз құрамында электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен (қаржы-есеп айырысу орталығымен) электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарттары жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері бар субъектілер осындай объектілер бойынша теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға береді.

Жауапкершілікті беру шарты жасалған, өзгертілген немесе тоқтатылған кезде ЭЭТН ЕАО-мен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына өзгерістер енгізу субъект ЭЭТН ЕАО-ға жүгінген есеп айырысу айының бірінші күнінен бастап жүргізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.