«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 53 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережеде:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларына, реттеушілік саясаттың консультативтік құжатына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына сараптама кеңестерінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: