«Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 243 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 201-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 76) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: