(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ...

2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 24/232-VII шешімі

 

Осы редакция 2023 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Түркістан қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 73 983 568 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 14 372 667 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 610 378 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 906 382 мың теңге;

трансферттер түсiмі – 41 094 141 мың теңге;

2) шығындар – 58 983 568 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0:

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы – 15 000 000 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – - 15 000 000 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 15 000 000 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

2. 2023 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 46,8 пайыз, облыстық бюджетке 53,2 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджет ке 50 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.