«Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қазандағы № А-10/1984 Қаулысы

«Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қазандағы № А-10/1984 Қаулысы

 

Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8347 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;

2-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:

«Көкшетау қаласы

әкімдігінің 2021 жылғы

28 қаңтардағы № А-1/148

қаулысына қосымша»;

көрсетілген қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Көкшетау қаласының әкімі

Б. Ғайса

 

Көкшетау қаласы әкімдігінің

2023 жылғы 19 қазандағы

№ А-10/1984 қаулысына

қосымша

 

Көкшетау қаласы әкімдігінің

2021 жылғы 28 қаңтардағы

№ А-1/148 қаулысына

1-қосымша

 

 

Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.