Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 156 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 болып тіркелген, 2015 жылы 21 қарашада «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;
4-тармақтағы «қызмет стандарттарын бекіту туралы» деген сөздерден кейін» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген)» деген сөздермен толықтырылсын;
барлық мәтін бойынша «ХҚО», «ХҚО-ның» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен өзгертілсін;
4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3-қосымшалар жаңа редакцияда мазмұндалсын;