«Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 156 Қаулысы (күші жойылды)

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 156 Қаулысы

 

Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3328 болып тіркелген, 2015 жылы 21 қарашада «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;

4-тармақтағы «қызмет стандарттарын бекіту туралы» деген сөздерден кейін» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген)» деген сөздермен толықтырылсын;

барлық мәтін бойынша «ХҚО», «ХҚО-ның» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен өзгертілсін;

4 бөлімінің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;

Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3-қосымшалар жаңа редакцияда мазмұндалсын;

2) 2-қосымшада:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.