Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 1457 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 665 Қаулысымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 1197 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда қалалық «Қызылжар нұры», «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Петропавл қаласының Ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесінің 17-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«17. «Петропавл қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтері:
жануарларды асырау ережелері, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелері, қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелері, жануарларды асырайтын санитарлық аймақтың шекарасын белгілеу бойынша ұсыныс ережелерін бекіту үшін облыстың жергілікті өкілетті органына енгізу.
қаңғыма иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
мал қорымын (биотермикалық шұңқыр) құруды ұйымдастыру және оларды ветеринариялық (ветеринария-санитарлық) талаптарға сәйкес асырауды қамтамасыз ету;
өткізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпараттың берілуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және өткізу;