(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАУІПТІ ҚАЛДЫҚТАР ПАСПОРТЫНЫҢ НЫСАНЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ...

Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығы

(2026.05.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2026 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.19.05. № 94 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 343-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4720 тіркелген);

2) «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 569 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14746 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.