«Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 22 шілдедегi № ҚР ДСМ-66 бұйрығы

«Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 22 шілдедегi № ҚР ДСМ-66 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14015 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 297 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тамаққа биологиялық активті қоспалардың (бұдан әрі – БАҚ) қауіпсіздігін және тағамдық құндылығын қамтамасыз ету мақсатында «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында БАҚ айналымының тәртібін белгілейді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. БАҚ-ты өткізуді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер БАҚ-ты сатып алушыларға (тұтынушыларға) және олардың талаптары бойынша уәкілетті органдарға БАҚ-тың қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ БАҚ және сатушы (дайындаушы) туралы толық, дәйекті және уақтылы ақпаратты Заңның 11-бабының 8) тармақшасына және «Тұтынушыларың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 25-бабтарына сәйкес ұсынады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.