«Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 428 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

«Халықаралық тәжірибені шолу» деген 3-бөлімде:

жетпіс төртінші бөліктің үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үрдістері мен пайымы» деген 4-бөлімде:

«Жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіктері мен жауапкершілік салаларының аражігін ажырату» деген кіші бөлімде.

төртінші бөлік алып тасталсын;

сегізінші бөліктің бесінші абзацы алып тасталсын;

«Азаматтарды жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту» деген кіші бөлімде:

алтыншы, жетінші, сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында жергілікті қоғамдастықтардың даму бағдарламалары, жергілікті қоғамдастықтардың жиындары мен жиналыстарының хаттамалары, жергілікті өзін-өзі басқару органының бюджетіне түсетін түсімдер туралы мәліметтер, азаматтық бюджет және басқалар міндетті түрде жарияланатын болады.

Бұл портал, сондай-ақ тиісті ауылдық округ әкімі аппаратының ресми сайты жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасасуына, азаматтық бастамаларды қарауға және басқа мәселелерді шешуге арналған алаңға айналады. Ақпарат әрдайым өзекті және барлық азаматтарға қолжетімді болуға тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.