ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
(2022.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.