Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-120 бұйрығы
(2020.07.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) және 98) тармақшаларына сәйкес және Қарағанды облысы үшін пилоттық жобада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды апробациялау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (27725) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру Стандартында: