Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 558 Қаулысы
(2024.13.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің 2024.06.09. № 356 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау тарифтері 1 (бір) километрге 9 (тоғыз) теңге болып белгіленсін.