Қоғамдық сервитутын орнату туралы
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 6 шешімі
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Байшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. «2024 жылы Қостанай облысы, B2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы» объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон арналарын орнату және пайдалану үшін «Қазақтелеком» акционерлiк қоғамына жер учаскесiне 10 жыл мерзiмге, жалпы алаңы 0,0182 га, жағдайлық схема бойынша Қостанай облысы, Бейімбет Майлы ауданы, Байшуақ ауылдық округі, Байшуақ ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесінің бойы мекенжайда орналасқан шектеулі нысаналы жер пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы берілсін.
2. «Байшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: