«Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 4 бұйрығы

«Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 4 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында:

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:

1) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін жіті және (немесе) созылмалы аурулардың асқынуы, соның ішінде шақыртудың 4-санатына қызмет көрсеткеннен кейін МСАК ұйымдары жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесі бригадасы фельдшерінің (дәрігерінің) жолдамасы бойынша;

2) бекітілген халқы бар ұйымдарда динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттер тобын белсенді жоспарлы сауықтыру;

3) көрсетілімдер болған кезде тәулік бойы стационардан шығарылғаннан кейін пациентті стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуді жалғастыру болып табылады.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Екінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер:

1) тәулік бойы медициналық байқауды талап етпейтін диагностикалық зерттеулер, емшаралар және (немесе) манипуляциялар, операция алдындағы арнайы дайындық және (немесе) реанимациялық қолдаумен операциялар жүргізу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.