Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы
№ 16 қаулысымен
бекітілген
Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру және есепке алу, нысаналы жинақ төлемдерінің есепке жатқызылуы, төленуі, қайтарылуы және оларды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы жыл - нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптар есепке жазылатын және нысаналы жинақ төлемдері іске асырылатын жыл;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.