«Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 104 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 374 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар» 2010 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6498 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 11 қарашада № 303-305 (26364-26366) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидаларын және дайындауға қойылатын талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидалары және дайындауға қойылатын талаптары.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптарда:
такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидалары және дайындауға қойылатын талаптары»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Қағидалар сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібі және дайындауға қойылатын талаптарды айқындайды.»;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кедендік мақсаттар үшін сәйкестендіру құралдары ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жөнелтушілер, тасымалдаушылар мен декларанттар салған пломбалар, мөрлер немесе сәйкестендірудің өзге де құралдары танылады.»;
26-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: