«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 қазандағы № 372 бұйрығы

«Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 қазандағы № 372 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Балық аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидалардың 8-тармағының, 9-тармағының 1), 3), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының, 10-тармағының 2), 3), 4), 6), 12), 18) және 19) тармақшаларының, 3-тарауының күші «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар шаруашылық қызметін жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне қолданылмайды.

3. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.»;

4-тармақта:

2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын.

«5-1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - жеке және заңды тұлғаларға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ ауланған балықтар мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;»;

10) тармақша алып тасталсын;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.