(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ Б...

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару алгоритмін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 665 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жоғары оқу орындары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын құру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару алгоритмі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Е. Сағадиев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2018 жылғы 4 желтоқсандағы

№ 665 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының
тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару

 алгоритмі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) білім беру бағдарламаларын енгізу және шығару тәртібі мен талаптарын белгілейді.

2. Тізілімнің мақсаты жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын құру болып табылады.

3. Осы Алгоритмде қолданылатын негізгі ұғымдар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.