«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің меншігіне алу, әкімшілік ғимараттарын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/288 бұйрығы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің меншігіне алу, әкімшілік ғимараттарын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/288 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің меншігіне алу, әкімшілік ғимараттарын жобалау және салу кезінде қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) Осы бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.