«Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 389 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 154-155 (26557) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезінде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лизингтік төлемдер - есептік кезеңдегі қаржылық және операциялық лизинг шарты бойынша жалдау ақысының сомасы.
Операциялық лизинг басым халықаралық авиамаршруттарды субсидиялау кезінде қолданылады»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрақты шығыстар - осы шығыстарға өндірістік процеске байланысты барлық шығындар, әуе кемелері және әуе кемелері мен қозғалтқыштар үшін қосалқы бөлшектер қаржылық және операциялық лизинг шарты бойынша жалдау төлемдері, кредит бойынша сыйақы төлемдері, әуе кемесі бойынша барлық тәуекелдерден әуе кемелерін, қозғалтқыштар мен қосалқы бөлшектерді сақтандыру шығыстары, әуе кемелері үшін қосалқы бөлшектер мен компоненттердің жалпы қорын қамтамасыз ету және әуе кемелерін модификациялау шығыстары, әуе кемесі бойынша техникалық инспекциялау, авиация персоналын оқыту шығыстары, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша кедендік баждар мен кедендік тазалау және сақтау қызметтерінің шығыстары кіреді;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: