«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 115 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 199-4), 199-5), 199-6), 199-7), 199-8), 199-9), 199-10), 199-11), 199-12), 199-13), 199-14), 199-15), 199-16), 199-17), 199-18), 199-19), 199-20), 199-21), 199-22), 199-23), 199-24), 199-25), 199-26), 199-27), 199-28), 199-29), 199-30), 199-31), 199-32), 199-33), 199-34), 199-35), 199-36 және 199-37 тармақшалармен толықтырылсын:
«199-4) жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
199-5) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу;
199-6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;