«Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 494 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 33308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларында:
3-тармақ келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Құжат қабылдау мен конкурс өткізу мерзімін жыл сайын жұмыс органы бекітеді және жұмыс органының ресми интернет-ресурсында құжат қабылдау мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жарияланады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген»;
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын: