«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 587 бұйрығы (күші жойылды)

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 587 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 40 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

2015 жылғы 19 наурыздағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10704 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):

2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;

4) аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер болып табылады.»;

3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы бойынша - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің мәліметтері бойынша жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардың тізбесіне сүйене отырып;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.