«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 1060 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1111 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 1060 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13005 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2025 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1060 бұйрыққа

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1111 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланындағы дене дайындығы бойынша

нормативтер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.