«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығына 3-қосымша ) (2018.20.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Әділет министрінің 2017.13.01. № 33 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.20.03. № 445 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

міндетін атқарушысының

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 304 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 30 сәуiрдегi № 251 бұйрығымен бекiтiлген «Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау» туралы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi - стандарт) негiзiнде көрсетiледi (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11407 болып тiркелген).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны - электрондық.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындылары бойынша оң немесе теріс шешiм не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

 

 

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық

 бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

 

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнің стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды қоса алғанда көрсетiлетiн қызметтi алушының портал арқылы электрондық сұрауын алу негiздеме болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.