«2022-2024 жылдарға арналған Круглоозерный кентінің бюджеті туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 11-5 шешімі (2022.02.08. берілген өзгерістермен)

2022-2024 жылдарға арналған Круглоозерный кентінің бюджеті туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 11-5 шешімі

(2022.02.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2022.22.04. № 13-5 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.02.08. № 17-5 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2022-2024 жылдарға арналған Орал қаласының Круглоозерный кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 216 239 мың теңге:

салықтық түсімдер – 16 251 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 670 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 199 318 мың теңге;

2) шығындар – 223 319 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 7 080 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 080 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 080 мың теңге.

2. 2022 жылға арналған Круглоозерный кентінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 11-2 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26196 тіркелген) шешіміне сәйкес қалыптастырылады.

3. 2022 жылға арналған Круглоозерный кентінің бюджетінде қалалық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 135 350 мың теңге түсімдері қарастырылғаны ескерілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.