«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 332 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 642 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: