2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттама (Астана қ., 2018 жылғы 8 қарашада)

2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт

Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА

(Астана қ., 2018 жылғы 8 қарашада)

 

ҚР 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 318-VІ Заңымен ратификацияланды

2021 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Хаттамамен енгізілген өзгерістері бар редакциядағы 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес

төмендегілер туралы уағдаласты:

1. Жарғының 13-бабына мынадай өзгерістер енгізілсін:

а) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Кеңестің құрамына мүше мемлекеттердің басшылары не егер оларға өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген болса, мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кіреді.»;

13-баптың үшінші абзацының қолданыстағы редакциясы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.