(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНА...

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 шешімі

(2024.29.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 18 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды осы шешімнің қосымшасына сәйкес берілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы

Б.Шингисов

 

Ұлытау облыстық мәслихатының 2024.10.05. № 131 шешімімен (2024 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.16.10. № 181 шешімімен (2024 ж. 29 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.