«Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 376 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) веб-сайт - жеке тұлғалар немесе ұйымдардың компьютер желілерінде жалпы мекенжайы (домендік атауы немесе IP-мекенжайы) бар электрондық құжаттар жүйесі (файл мәліметтері және коды);
2) веб-интерфейс — бұл құралдардың жиынтығы, оның көмегімен қолданушылар браузер арқылы веб-сайтпен немесе кез келген басқа да қосымшалармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) диспетчер - төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына тиісті диспетчерлік орталықтың операциялық аймағында электр энергетикасының режимі мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдаланудың жай-күйін басқару жөнінде диспетчерлік орталықтың атынан командалар мен өкімдер беруге уәкілетті қызметкер;